поддержка PHP 7

2017 жылдың 19  сәуірде Қазтұтынуодағының  Сауда-экономикалық колледжінде «Право»  қоғамдық қорының психологі Тасыбаева Ж.М.  және  заңгерлері  Кажахметов Н.К., Аушахманова Ж.Х. «Жасөспірімдер  арасындағы нашақорлықтың алдын алу, есірткі пайдалану салдары, синтетикалық есірткі және олардың аналогтары» , «Есірткі саудасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық  заңнамасындағы өзгерістерді түсіндіру» тақырыбында тренинг  сабағын өткізді.

Оқу мақсаты: нашақорлық пен есірткі және басқа да психоактивті заттарды бірінші болып қолданудан алдын алу байланысты проблемаларды анықтау.

Оқыту міндеттері:

-нашақорлықтың  кері әсері туралы жастар арасында хабардар болу деңгейін арттыру;

-есірткі пайдалануға деген жастардың  көзқарасын өзгерту;

-«Есірткіге жол жоқ» деп айтуға дағдыландыру;

- деннің саулығын сақтауды сихаттау.

Тренинг барысында заңгерлер келесі тақырыптар бойынша:  психо-активті заттарды пайдалану, девиантты мінез-құлық, ата-ананың баламен қарым-қатынасы, салауатты өмір салтын ұстануға үйрену сияқты бағытта  сұрақ-жауап алмасу арқылы профилактикалық әңгіме жүргізді.

Психолог студенттер арасында   «Қуыршақ» ойынын өткізді.

Мақсаты: адам  біреуге тәуелді болғанда немесе басқа біреу барлық іс-әрекеттерін басқарған  кезде қандай  сезімде болатынын анықтау.

Ойынға бес  студент шақырылып, біреуі қуыршақ ролінде, ал қалған  төртеуі  қуыршақ шебері болып,  қуыршақтың барлық қозғалыстарын толық бақылады. Ойын соңында қатысушыларға   келесі сұрақтар қойылып жауп алынды.

  • Біреуге тәуелді болғанда қандай сезімде болдыңыз?
  • Сізге қуыршақ болу ұнады ма?
  • Өзіңіз басқа  жаныңызға жайлы  іс-әрекет жасағыңыз келді ме? 

Тренинг сабағында студенттер белсенділік танытып, барлық сұрақтарға жауап беріп, ойындарға қуана ат салысты.  

pv1pv1pv1pv1

Back to top