поддержка PHP 7

IMG 54602017 жылдың  25 мамырында  Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжінің  «Мирас» студенттік театр ұжымы танымал жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Жолтай Жұмат-Әлмашұлының «Мұңмен алысқан адам» атты пьесасы бойынша сахналанған спектакльдің премьерасын өткізді.

Аталған спектакль Қостанай, Семей театрларында қойылып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, аншлагпен өткен болатын.

IMG 51632017 жылдың 24 мамырында Қазтұтынуодағы Сауда-экономикалық колледжінің «Аударма ісі» мамандығының 11 ПД студенттері алғаш рет ағылшын тілінде “Charlie and the Chocolate Factory ” атты көрсетілімін оқытушылар мен студенттер назарына ұсынды.

          Мақсаты:студенттердің теориядан алған  білімдерін практикада қолданып, ағылшын тілінде  сөйлеу дағдыларын арттыру.

«Чарли және шоколад фабрикасы» -Роальда Далдың баланың оқиғасы, эксцентрлік Кондитер Вонк мырза.Бұл бірегей мүмкіндік болып тұр,әрбір студенке өзінің ағылшын тілі дағдыларын қолдануға және олардың көркемдік таланттын ашуға көмектеседі.

         2017 жылдың 12 мамыр күні Қазтұтануодағының Сауда –экономикалық колледж студенттері  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейіне барды. Бұл  – Қазақстанның жаңа тарихының музейі. Ол ҚР Президенттің 2004 жылғы 28 тамыздағы Жарлығымен құрылған.

         Мақсаты: музейлік құндылықтарды көрсету арқылы, Н.Ә. Назарбаевтың отбасы, мектеп жылдары және ұлт көшбасшысы  ретінде қалыптасу жолын баяндау. 

         Музей қызметкерлері қазақ және орыс тілдерінде экскурссиялар өткізді.
         Экскурссия барысында  Музей экспозициялары егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының маңызды кезеңдерінен ұсынылған фотосуреттер, бейне материалдар, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметі , сонымен қатар студенттер ҚР Қарулы күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысының костюмі, Республикалық «Ұлан» гвардиясының шерулік формасы,  араб қанжарлары, дуэль тапаншалары және ҚР мемлекеттік наградалары сияқты музейлік құндылықтарды тек тамашалап қана қоймай, қолмен ұстап, жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды.

Музейде өткізілген экскурссия студенттерге өте ұнады.

muzey  2muzey  3muzey

Back to top