поддержка PHP 7

        2017 жылдың 5  мамырында Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжінде 7 мамыр ҚР  Отан қорғаушылар күніне және 9 мамыр Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 72 жылдығына арналған  «Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды» атты тақырыпта әдеби-музыкалық кеш өтті.

        Мақсаты: Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін, туған жерін сүю, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.

        Осындай тақырыптағы  сыныптан тыс іс- шараларды өткізу арқылы бүгін жастардың болашағы, бақыты үшін қан майданда төккен әкелер мен аталардың даңқы еш уақытта өшпей ұрпақ сабақтастығын табуына септігін тигізетіні анық.

IMG 4377  IMG 4396  IMG 4416  IMG 4429  IMG 4533

2017 жылдың 29 сәуірінде Қазтұтынуодағының Сауда -экономикалық колледжінің жастар ісі жөніндегі  комитет құрамының белсенді  студенттері  Ресейдің ғылым және мәдениет орталығында  Жеңіс күні мерекесіне орай ұйымдастырылған  ҰОС ардагерлерімен кездесуге арналаған салтанатты кешке қатысты. Кешке Астана қаласының  бір қатар Ұлы Отан соғысының ардагерлері шақырылыған.

Кеш Қазақстан Республиксындағы   Ресей Федерациясының өкілетті елшісінің құттықтау сөзімен басталды.

Кеш барысында Қазақ  музыкалық академиялық оркестр ұжымы өз өнерлерімен қонақтарға сұрапыл соғыс жылдарындағы ән-жырларды тарту етту. Біздің колледж студенттері  ардагерлерді құттықтап батырлық, қаһармандық тақырыбындағы өлең жолдарын оқып өз өнерлерін көрсетті.

Қонақтар  ұйымдастырушылар мен студенттерге  әдемі кеште бас қосып,  елеп ескергендері үшін жылы лебіздерін және алғыстарын  білдіріді. 

 

3  6

 

       2017 жылдың 5 мамырында Қазтұтынуодағы Сауда – экономикалық колледжінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы А.З. Зеренханова студенттермен бірге 9 мамыр - Ұлы Отан соғысы жеңісінің 72 жылдық мерекесіне орай және 7 мамыр - Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері Бекмади Ахат Бекмадияұлының үйіне барып, мерекемен құттықтап, сый құрмет көрсетті. 

         Бекмади Ахат Бекмадияұлы 1923 жылдың 1 қыркүйегінде дүние келген, Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі орден иегері, бұдан басқы 15 астам түрлі төс белгілерімен мараптталған. 2015 жылы Мәскеу қаласында Ұлы Отан соғысының Жеңіснің 70 жылдың мерей тойына арналған салтанатты шеруіне қатысқан.
       Кездесу барысында, ардагер жастарға көрсеткен құрметтері үшін өзінің ризашылын білдіріп, ақ батасын берді.

4  5

Back to top