поддержка PHP 7

2017 жылдың 10 наурызында  Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжінің  студенттері ақын Несіпбек Айтов­тың «Тілеп – Сарықыз» поэ­ма­сы бойынша дайындалған қо­йы­­лым­ын Астана қаласы әкімдігінің «ЖАСТАР ТЕАТР ы» сахнасынан көріп тамашалады. Режиссері: Н.Жақыпбай, авторы: Жұманазар Сомжүрек.

«Тілеп – Сарықыз» поэмасы бұ­дан екі ғасыр бұрын өмір сүр­ген, атақты қобызшы бақсылар туралы сыр шертеді. Тілеп бүкіл қазақ даласында аты кеңінен жайылған Қойлыбай бақсының шәкірті болып, одан қобыз тарту өнерін де, бақсылықтың тылсым сырларын да үйреніп, меңгерді. Қойлыбайдың қызы Бүл­дір­шін де Тілеппен бірге әкесінен қобыз үйренеді. Екі жастың ара­сындағы шәкірттік сыйластық кейін махаббатқа ұласады. Тілеп өз ауылына оралып, елде қобыз тар­тып, бақсылық жасап бірнеше жыл жүріп, ел түр-түсіне қарай Са­рықыз атандырып жіберген Бүлдіршінді қайта іздеп келеді.

Әкесі қайтыс болғаннан кейін, Сарықызды жұрт Қойлыбаймен кө­ңіл­дес пері әйелінен туыпты-мыс деп өсекке таңады. Онымен қоймай, перілермен, жындармен байланысы бар, елге бақытсыздық әкеледі деп ауылдан қуып жібереді. Тілеп оны Ақкөл жағасында қобызын күңі­рен­тіп жүрген жерінде жолықтырады. Бір-бірін аңсап, сағынып көріскен Тілеп пен Сарықыз бақыт құша­ғында жарасып, қобыз тартысып қуа­нышты күй кешеді. Екеуі үй­ленбекші болады. Бірақ Сарықызға жауыққан ауыл есерсоқтарының бірі тасаланып келіп, садақ тартады. Сарықыз ауыр жараланып, Тілептің көз алдында қайтыс бола­ды. Қобыздың қасиеті де, Тілептің бақсылық өнері де туралап келген ажалдан Сарықызды аман алып қала алмайды.   

Қойылымдағы әртістердің өнері студенттерге рухани азық сыйлап, жақсы әсер қалдырды.

IMG 20170313 WA0009IMG 20170313 WA0009IMG 20170313 WA0009

 

22Қ , 32Қ, 22ЕА тобының студенттері премьераға барды.

      Қ.Қуанышбаев тетрында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында қазақ халқының тарихындағы айшықты оқиғаның бірі, ел басына нәубет түскен ашаршылық жылдардағы елдің жай-күйін суреттейтін драма қойылды.. Драма авторы – драматург О. Жанайдаров, қоюшы режиссері – Башқұртстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Айат Абушахманов.

         Жаман халық жоқ, ал жаман адамдар әр халықта бар. Бойында ар-намысымен қатар пасықтығы да бірге жүретін адам баласы қанша қасірет кешсе де, өзін жоғалтпай, адамдық қасиеттерін сақтап қала ала ма? Қойылым барысында қиын-қыстау заманды бастан кешкен адамның өз келбетін қаншалықты сақтағанын аңғарып, тағдыр сынағына қалай төтеп бергеніне тәнті боласыз.

         Театр сахнасынан көрермен ықыласына кеңінен бөленіп жүрген ҚР "Дарын" Жастар сыйлығының иегері – Сырым Қашқабаев, Асылбек Қапаев, Айнұр Бермұхамбетова, Жанат Оспанов, Айман Карпсейітова, Нұрсұлтан Есен, Айнұр Жетпісбаева,  Жұлдыз Искакова,  Ақмарал Танабаева, Алтынгүл Серкебаеваларды көрдік .Жақсы әсер алдық.

1

Back to top