поддержка PHP 7

       2017 жылдың 18 наурыз күні Қазтұтынуодағы Сауда-экономикалық колледжінде - Ұлттық мерекенің басы болып табылатын «Ұлыстың ұлы күні -  Наурыз мейрамы аталып өтті. Таңертеңнен  бастап  колледже  наурыз мерекесіне орай наурыз көже дайындалып, барша қауымға ұсынылды.   

         Іс – шара колледж қабырғасында оқитын студенттердің дайындаған «Ұлы дала елі – Наурызбен берекелі» атты  концерттік бағдарламасымен  жалғасты. Кеш барысында шашу шашылып,  Қыдыр ата батасын берді. Сонымен қатар, би  биленіп, ән де айтылып, көркем сөзбен өлеңдер де оқылды. Кеш қызықты, көтеріңкі көңіл күйде өтті.

IMG 2746IMG 2746IMG 2746

    2016 жылдың 19 -20 мамырында Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледж студенттері ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ -ЕЛБАСЫНЫҢ КІТАПХАНАСЫНДА "ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕТІН ИДЕЯЛАР" атты тақырыптағы семинар - тренингіне қатысып, сертификаттармен марапатталды.

          Семинардың мақсаты:Ұлт жоспары - мемлекет Басшысы Н.Ə.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамын жастарға түсіндіру.

ideya

Back to top