поддержка PHP 7

2017 жылдың 13-сы қаңтарында Қазтұтынуодағының Сауда – экономикалық колледжінде Астана қаласының  келесі жалпы білім беретін мектептерінің  (48, 53, 23, 24, 38, 15, 16, 67)  ұлдар командалары арасында  кәсіптік бағыт-бағдар беру мақсатында волейболдан жарыс өткізілді. Финалдық ойынға № 67, 16, 23,  24 мектеп командалары   жолдама алды.

Жарыс қорытындысы бойынша:

  • ІІІ орынды - №16 және №67 мектеп- лицейінің  командасы,
  • ІІ орынды - №23 мектеп - гимназиясының командасы,
  • І орынды -№24 мектеп- гимназиясының командасы жеңіп алды.

Оқушыларға мадақтамалар, спорттық сыйлықтар және кубоктар табысталды.

IMG 6767IMG 6767IMG 6767

2016 жылдың 29 қарашасында Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжінің базасында«Мен қолдаймын! #АИТВ алдын алу» атты акция өтті.

Акция РМҚК «ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» және «Визергебург» қоғамдық бірлестіктің қызметкерлерімен бірлесе ұйымдастырылды.

Мақсаты:  жастар арасында ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу және қатерлі дерттен сақтану жолдары туралы  ақпарат беру.

Акция барысында ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығының дәрігері Г.Е. Каратаева және  педагог  А.Т. Нурмагамбетова студенттергеарнайы дайындалған бейне материал көрсету арқылы АИТВ/ЖИТС инфекциясының  таралуы жолдары, қорғану шаралары мен салауатты өмір сүру салтын ұстану және өз денсаулығына жауаптылықпен қарау керек екендігін айта отырып, осы дертке қарсы тұру үшін өз ойларын білдіру мақсатында алқандарына арнайы сурет немесе сөз арқылы сипаттама жазуларын сұрады. Сонымен қатар, жастардың есте сақтау қабілеттерін тексеру үшін «Есіңде не қалды?» атты жаттығулар өткізіп, белсенділерге  арнайы дайындалған сыйлықтар тапсырды. Акция кезінде тақырыпқа сай кітапшалар таратылды.

«Визергебург» қоғамдық бірлестігінің белсенділері студенттердің назарына «Таңдау өз екіңде!  (Жақсылық пен зұлымдылық)» тақырыбында пантонима ұсынды.

Іс-шараның өту барысында  өзінің АИТВ-статусын тест арқылы тексеру - аурудың алдын алуға  мүмкіндік беретінін ескере отырып медицианлық қызметкері М.Н. Сулейменов мырзаныңөткізген «АИТВ статусыңды біл!»  атты жедел тест акциясы студенттердің қызығушылығын арттырды.

Өткізілген іс-шара студенттердің АИТВ/ЖИТС дерті, салауатты өмір салтын ұстану туралы ақпараттандыру деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

111

Back to top