поддержка PHP 7

2016 жылдың 28 қарашасында  Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжінің ІІ және ІІІ курс студенттері арасында «Жастар арасындағы экстремизм және оның алдын алу жолдары!» тақырыбында кездесу өтті.

Мақсаты: педагогтар мен жастар арасындағы діни сауаттылықты арттыру, діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризм қатерлеріне жол бермеу арқылы оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

11

2016 жылдың 18 қазанында  Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледж студенттері арасында  Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті дінтану кафедрасының профессоры, философия және теология ғылымдарының докторы Досай Кенжетай және Астана қаласы Дін проблемаларын зертеу орталығының бас маманы Есенова Диана Бекхановна «Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдың алу» тақырыбында дәріс өткізді.

         Мақсаты:Студенттерге экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік беру, Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру.

33

     2016 жылдың 16 қыркүйегінде Қазтұтынуодағының  Сауда –экономикалық колледжінің Жастар ісі жөніндегі комитет белсенділері Астана қаласының өртке қарсы қызметінің жұмысыны қолдау мақсатында «Жаннур»сауда орталығының алаңында  флешмоб өткізді.

      Мақсаты: студенттерді қоғамдық қызметке баулу, жастардың  азаматтық белсенділіктерін дамыту, жастар арасындағы ынтымақтастықтарды арттыру.

55

Back to top