поддержка PHP 7

Өндірістік оқыту және әлеуметтік серіктестермен жұмыс бөлімі Қазтұтынуодағы Сауда-экономикалық колледжінің (әрі қарай ҚСЭК) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Өндірістік оқыту және әлеуметтік серіктестермен жұмыс бөлімін директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары басқарады, ол ҚСЭК директорының бұйрығымен лауазымға тағайындалып, лауазымынан босатылады.

Өз қызметінде бөлімше директорға бағынып, келесі нормативті-құқықтық актілерді басшылыққа алады:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  • Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі;
  • Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңдары;
  • Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары;
  • Білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілері;
  • Педагогика және психология негіздері;
  • Оқыту әдістерін және озық технологияларды;
  • Басқарудың инновациялық әдістерін;
  • Экономика негіздерін, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормалары.

Л     Лауазымдық міндеттері:

  • Оқу-өндірістік жұмысты жоспарлайды және үйлестіреді;
  • Оқу-өндірістік, әдістемелік жұмысты бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
  • Сабақ кестесін жасауға арналған материалдарды дайындайды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
  • Әлеуметтік серіктестіктермен жасалған келісім-шарттарды әзірлейді және іске асырылуына жауап береді;
  • Өндірістік оқыту бойынша өндірістік, кәсіптік және диплом алдындағы тәжірибе жетекшісінің жұмысын басқарады, арнайы пәндер оқытушыларының жұмысын талдайды;
  • Оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерін зерделейді, таратады және тәжірибеге енгізеді;
  • Оқу-материалдық базалардың есебін қамтамасыз ету, сақтау және толықтыру бойынша жұмысты, санитариялық-гигиена режимдері, шеберханаларда және өндірісте еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұйымдастырады;
  • Белгіленген есепті құжаттамаларды уақытылы дайындауды қамтамасыз етеді.

Кәсіптік практика Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжі студенттерінің орындауға міндетті болып табылатын, білікті және құзыретті мамандарды даярлауда оқу процесінің ажырамас бөлігі.

Практиканың негізгі мақсаты техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша кәсіби қызметтің барлық түрлерінен студенттердің жан-жақты дамуы, жалпы және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруы, сондай-ақ студенттердің мамандығы бойынша қажетті дағдылар мен практикалық тәжірибе алмасуы, тәуелсіз ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын дамытуға бағытталған.

Практика міндеті әртүрлі қызмет саласындағы кәсіпорындарында кәсіби жұмыс жасау дағдылары қалыптастыру және дипломдық жұмысты орындауға ақпарат жинау.

Мамандықтар бойынша студенттердің кәсіптік практикасын ұйымдастыру және өткізу  тәртібі Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңына  (04.12.2015 ж. өзгерістер мен толықтыруларымен), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 292 қаулысымен өзгертулер мен толықтыруларымен), «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы» Заңына, кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығына, Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының және кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгілік шарт нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығына сәйкес реттелген.

Кәсіптік практика оқу жұмыс бағдарламалары мен оқу жұмыс жоспарларына сәйкес оқу (таныстыру), өндірістік (технологиялық) және диплом алды түрлеріне айқындалған.

Кәсіптік практиканың әр түрінің мақсаты, міндеттері мен бағдарламасы бар, оларға байланысты кәсіптік практиканың тиісті базасы айқындалады.

 


Суюндикова

Суюндикова Салтанат Отызбаевна

Директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары

телефон +7 (717) 250-18-35

Back to top