поддержка PHP 7

2019 жылғы 17 қарашада «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Астана Арена» спорт кешенінде «Жастар жылының» құрметіне Нұр-Сұлтан қаласындағы жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында 7 түрлі спорттық ойындардан жарыс өтті. Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінің студенттері мини-футбол, волейбол, армрестлинг, кір тасын көтеру, үстел теннисі, шахмат бойынша 36 студент спорттық ойындарға қатысты. Колледжіміздің қыздар волейбол құрамасы жүлделі 2-ші орынды иеленді және медальдармен және кубокпен марапатталды.

 

Біздің жас спортшыларымызды жүлдеге ие болуымен құттықтаймыз және оларға одан әрі табыстар тілейміз!

 

 

Back to top