поддержка PHP 7

2019 жылдың 11-ші қараша күні Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің Президенті мен Министрлерін сайлау өтті. Сайлауға үміткер ретінде 27 студент өз өтініштерін білдірген болатын. Дауыс беру 9.00-ден 16.00-ге дейін жүзеге асырылды. Сайлауды науқанында саулау комиссиясы құрылды. «ЖІК ережесіне» сайкес, дауыс беру құпия жолмен жүзеге асырылды. Ол үшін сайлау залы перделермен жабдықталып, сайлау бюллетеньдеріне арналған жәшік орнатылды.

Сайлауға қатысушы үміткерлер өз ұстанымдары мен келесі жылға арналған жұмыс бағдарламасы мен жаңа жобаларды ұсынды. Барлық үміткерлер өзінің ерешелігімен өздерін лайықты дәрежеде көрсете алды.

Бұл іс - шараға I, II, III, IV курс студенттері және колледж ұжымы ат салысты. Барлығы 728 сайлаушы тіркелген, 488 (67,03%) сайлаушы дауыс берді. Сайлау рәсімінде сайлау комиссиясымен бұзушылықтар анықталған жоқ. Сайлау өте белсенді және қызықты өтті.

 

 

Back to top