поддержка PHP 7

2019 жылдың 25 қазан күні Қазтұтынуодағының жоғары сауда- экономикалық колледжінің акт залында  3-4 курс студенттерімен «Гендерлік мәдениетті қалыптастыру» жобасы аясында  «Қазақстандық Даму Ассоциациясы» және «Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы» ММ бірігіп ұйымдастырған «Зорлық-зомбылықсыз отбасы» тақырыбында акция өтті. Акцияның максаты: отбасындағы зорлық –зомбылықтың алдын-алу.  Іс-шара барысында студенттерге отбасындағы зорлық – зоблықтың негізгі туындау факторлары туралы, олардың алдын-алу шаралары, сенім телефондары туралы айтылды.

Сондай –ақ,   іс- шарамызға қалалық «Мерейлі отбасы»  конкурсының номинанттары, республикалық эстрада өнерпаздары,  Айткуловтар отбасы өз өнерлерін көрсетіп, отырған көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлады. Отбасында 5 бала тәрбиелеп отырған отағасы Естай Айткулов студенттермен бақытты отбасының сырымен бөлісті. Жиналған студенттер өмірлік кеңес алып, өнерлеріне тәнті болды.

 

Back to top