поддержка PHP 7

2019 жылдың қазан айының 19-20 жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласы ЖҚ «Жас Отан» ұйымының қолдауымен «Колледж пікірсайысшылар лигасы» ұйымының құрылуына орай Нұр – Сұлтан қаласы колледж студенттері арасында Политехникалық колледж ғимаратында «KPL CUP I» қалалық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирдің мақсаты: Жастар арасындағы бәсекеге қабілетті жаңа заман тұлғасы бейнесін қалыптастыру; жалпы адами құндылықтардың зияткерлік мүмкіндіктерін дамытуды қамтамасыз ету үшін кеңістік қалыптастыру;

 

Аталған турнирге 20 колледжден 28 фракция сайысқа түскен. Қазтұтынуодағының жоғары сауда – экономикалық колледжінен 3 фракция қатысып, соның ішіндегі «Твикс» фракциясы жүлделі І орынды жеңіп алды. Жүлдегер «Твикс» фракциясының мүшелері: 1 курс студенті Серік Іңкәр және 2 курс студенті Қазақбай Есмұқамбет.

Қазан айының 21-і күні Нұр-Сұлтан қаласы ЖҚ «Жас Отан» ұйымының ғимаратында жеңімпаз фракцияларды ресми түрде марапаттау рәсімі өтіп, біздің колледждің студенттеріне Диплом мен турнир кубогы және арнайы ақшалай сертификаты табысталды. Біздің колледжіміздің студенттерін шын ниетпен, жеңістерімен құттықтаймыз!

 

 

Back to top