поддержка PHP 7

10.10.2019 ж., Нұр-Сұлтан әкімдігінің МКҚК «Тамақтану және сервис колледжінде»   Халықаралық аспазшылар күніне орай, ASTAUfest -2019 халықаралық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Осы сайыста біздің колледжден «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының ОП 9- 17-3-тобының  3 курс студенті Надежда Горковенко «Шеф-аспаз -2019»  номинациясына қатысты. Байқауда Надежда 2 тағам дайындады: «Шри Раша» тауық еті, «Брокколи гратині бар тауық еті».
Байқауға қатысушылардың жұмыстарын тәуелсіз кәсіби сарапшылар бағалады. 2019 жылдың 11 қазанында фестивальдің ресми жабылуы өтті, қорытындысы бойынша біздің студент жүлделі 3 орын үшін иеленіп, медальмен және дипломмен марапатталды.

 

 

Back to top