поддержка PHP 7

2019 жылдың 15-16 қазан күндері Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінің акт залында арман қуып, білім іздеп келген жастарды салтанатты студенттер қатарына қабылдау іс-шарасы өткізілді. Аталған кешке ұстаздар қауымы, әлеуметтік серіктестер және бірінші курс студенттері қатысты.

 

Бірінші курс студенттеріне колледждің өмірі мен жетістіктері таныстырылып, студенттің міндеттері мен құқықтары түсіндірілді. Салтанатты шара әнұранының орындалуымен басталып, колледж директорының студенттер мерекесімен құттықтауымен жалғасты.

Кеш барысында Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінің студенті бола тұрып ұқыпты, тәртіпті, адал болуға және де қоғамдық жұмысқа белсене араласуға, колледж мәртебесін биік ұстауға бірінші курс студенттері салтанатты түрде ант берді.

Сонымен қатар, 2019 жылдың 11 қазан күні «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде» өткен Халықаралық аспазшылар күніне арналған «ASTAU fest -2019» Халықаралық кәсіби шеберлік байқауында «Шеф-2019» номинациясына қатысып, «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының ОП 9-17-3 тобының 3 курс студенті Горковенко Надежда Александровна жүлделі ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталып және қола медальды жеңіп алған болатын. Осы меркеде колледж директоры жеңісімен құттықтап, колледж атынан әлеуметтік серіктесіміз Хан Максим Сергеевичке тәлімгерлігі үшін алғыс хатын табыстады.

Мерекелік іс-шарада әуелеген ән, жүректен шыққан жырмен қатар   құттықтаулар, ізгі тілектер салтанатты кештің көркін келтіріп, студенттерге ұмытылмас кеш сыйлады.

 

Back to top