поддержка PHP 7

Оқыту жүйесіне дуалды оқытудың элементін енгізіп, студенттердің құзіреттілік біліктіліктерін арттыру мақсатында, Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінде, «Есеп және аудит» және «Маркетинг» мамандықтары оқу практикасынан өтуге арналған «Студент» оқу-практикалық зертханасы 2011 жылдан бастап жұмыс жасайды.

2019 жылдың 11 қазанында, оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істейтін, дара кәсіпкерлік онлайн режимде, колледжда тіркелді. Дара кәсіпкерліктің қызметін жүзеге асыру үшін, УА-9-17-1, ЕА 9-17-2, М-9-17-2, М-11-18-2 және М-9-17-1 топтары бизнес жоспарларын қорғады. Соңында студенттермен директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, колледждің бас есепшісі және бөлім меңгерушілері бизнес жоспар жөнінде еркін пікір алмасты. 

 

 

Back to top