поддержка PHP 7

Мақсаты - ұлы қазақ ойшылының шығармашылығымен таныстыру. Іс-шараға барлық педагогикалық ұжым құрамы мен колледждің талантты студенттері қатысты. Студенттер Абай Құнанбаевтың шығармашылығы туралы өз көзқарастарын көрсетті: әр түрлі тілдерде өлең оқыды, он жетінші сөзді сахналады, әндер шырқады.
Эстафетаға мұғалімдер қатысып, сүйікті өлеңдерін жатқа оқыды. Қатысушылардың әрқайсысы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына негізделген «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойынының білгірі рөлін ойнады. Философ және ойшыл Абай Құнанбаев бізге бай мұра - білім беру сөздерін қалдырды. Дөңгелек үстел барысында әрқайсысы философиялық дана сөздер туралы түсініктерін ортаға салды. Дөңгелек үстелге қонақ ретінде гуманитарлы ғылымдарының магистрі Сұңқар Ислам Еркінұлы шақырылды. Ол талқылауға белсене қатысып және жетінші қара сөзіне түсіндірме берді. Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, 1-курс студенті Жолдыбаев Ерасылұлы Абай Құнанбаевқа арналған сиясы кеппеген өлеңімен бөлісті. Дөңгелек үстелдің қорытындысында ұлы мұрамызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу қажеттілігі туралы тілектер мен ұсыныстар айтылды.

 

 

Back to top