поддержка PHP 7

  2019 жылдың 8 қазанында колледж студенттерін Ресей Федерациясында Екатеринбург қаласында өтетін халықаралық аспаз күніне арналған «Ұсталық, шығармашылық, жастарды аспаздық өнерде іздеу» атты халықаралық фестиваліне салтанатты түрде шығарып салдық. Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжі мен Екатеринбург сауда-экономикалық техникумы арасындағы меморандум аясында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының 11 студенті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Екатеринбург қаласына, директордың оқу - өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Г.Т. Тилдабаеваның жетекшілігімен барады. Құрметті қатысушылар, сіздерге жақсы сапар және кәсіби жеңістер тілейміз!

 

 

Back to top