поддержка PHP 7

2019 жылдың 3 қазанында  Казтұтынуодағының  жоғары сауда–экономикалық колледжінде киелі мамандық иелерін кәсіби мерекесімен құттықтауға арналған іс-шара өтті.

 Іс-шара таңғы 08:00 – де колледждің жастар ісі жөніндегі комитеті белсенділерінің  оқытушыларды салтанатты түрде  қарсалуынан басталды.

 

Мерекеге орай ұйымдастырылған іс- шара колледжіміздің акт залында жалғасын тапты. Салтанатты жиынға колледж директорының педагогикалық ұжымға сыйы ретінде опера әншісі Батимә Изенаева және иллюзионист Игорь Овсейчик шақырылды.

Бұл іс-шарада әуелеген ән, музыкалық аспаттарда ойнау, жүректен шыққан жырмен қатар арнайы дайындаған сахналық қойылымда салтанатты  жиынның көркін келтіріп, ұстаздарға ұмытылмас күн сыйлады.

 

 

Back to top