поддержка PHP 7

         2019 жылдың 26-27 қыркүйекте 1-курс студенттерінің арасында «Алло, біз таланттарды іздейміз!» атты колледжішілік байқау өтті.

Мақсаты: І курс студенттері арасында дарынды, талантты жастарды іріктеу.

Байқауға М-9-19-1, М-9-19-2, М-9-19-3, М-9-19-4, МР-9-19-1, МР-9-19-2, ЕТ-9-19-2, ТҰ-9-19-2, ОП-9-19-1, М-11-19-2, УА-9-19-1 топтары қатысты.

Біздің колледж қабырғасында бұл байқау бұрыннан танымал болды. Барлық студенттер мен оқытушылар бұл сайысты асыға күтеді, өйткені біздің сүйікті колледжде жаңа жұлдыздардың жарқырағанын көру өте қызықты.

Жарыс екі күнге созылды. Осы күндері қазылар алқасы, оқытушылар мен студенттер қатысушылардың өнерін тамашалай алды, олар өз кезегінде барлық шығармашылық қабілеттерін және ең жақсы қасиеттерін көрсетті.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:

«Үздік әнші» — жеке дауысты ән салу;

«Үздік би» —жеке немесе топпен би билеу;

«Үздік жүргізуші» — жеке тұлғаның өнері;

«Үздік флешмоб» — топпен би билеу;

«Үздік композиция» —жеке немесе топтық өнер;

Әділ қазылардың шешімі бойынша келесі топтар үздік деп танылды:

III орын – ЕТ-9-19-2

II орын – М-9-19-4

ТҰ-9-19-2 тобы үздік топ  атанып І орынды жеңіп алды.

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар мақтамалармен марапатталды. 

 

Back to top