поддержка PHP 7

  2019 жылдың 12 наурызында   Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы  кітапханасында жастар жылына орай «Қазақстанның индустриалды даму стратегиясындағы –Астана жастары» атты   қалалық  жастар форумы өтті.

Ұйымдастырушылар: Астана қаласының Білім басқармасы, Жоғары сауда-экономикалық колледжі, МҚКМ  Гуманитарық колледжі, «АСУ» Гуманитарлық-техникалық  колледжі.

Форум барысында елорда колледждерінің студенттері еліміздің индустриалды даму стратегиясын жүзеге асыруда жастардың  әлеуметтік  белсенділігін дамытуға  бағытталған  жобаларды таныстарды.  Форум онлайн-көрсетіліммен сүйемелденді.

Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының директорының бірінші орынбасары Әмірхан Мұратбекұлы  Рахымжанов, Астана қаласының Білім басқармасының  өкілдері және Астана қаласы «Нұр Отан» партиясының өкілдердері, «Жас Отан» Жастар қанаты Астана қалалық филиалы, "Астана жастары" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілдері, Қазақстан жастарының конвенті жеке қорының өкілдері, Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының  директорлары және директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен жастар ісі жөніндегі комитет мүшелері қатысты.

Back to top