поддержка PHP 7

2019 жылдың 27 ақпанында Жоғары сауда-экономикалық колледжінің «Жалпы білім беру пәндері» циклдік комиссия оқытушыларының ұйымдастыруымен ақиық ақын, қазақ поэзиясының мұзбалағы, Мұқағали Мақатаевтың 88 жасқа толуына орай «Есіңе мені алғайсың» атты әдеби - сазды поэзиялық кеші өткізілді.
Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – болашақ ұрпақтың еншісі, еліміздің қадірлі қазынасы екендігін ұғынған жастар кешке өте жақсы дайындалып, өз өнерлерін көпшіліктің назарына ұсынды.
Жастар жылы жақсылардың жырын тыңдап, насихаттау арқылы қазіргі жас ұрпақтың бойын ізгілікке, адалдыққа, өз ұлтын сүйе білуге баулысақ, елінің болашағын жырлап өткен, жеріне, халқына деген махаббатын поэзия арқылы жеткізген М. Мақатаев мұралары ешқашан өлмек емес.

  

  

 

 

Back to top