поддержка PHP 7

2019 жылдың 21-25 қаңтар аралығында Жоғары сауда – экономикалық колледжінде Астана қаласының  келесі жалпы білім беретін мектептерінің  (2, 16, 18, 29, 42, 48, 52, 53, 54, 55, 67, 68, 70, 73,74, 75, 77,)  қыздар командалары арасында  кәсіптік бағыт-бағдар беру мақсатында волейболдан жарыс өткізілді. Финалдық ойынға № 16, 18, 54, 74,  мектеп командалары   жолдама алды.

Жарыс қорытындысы бойынша:

ІІІ орынды - №18 орта  мектеп  командалары,

ІІ орынды - №54 мектеп - гимназиясының командасы,

І орынды -№16 орта  мектеп  командасы жеңіп алды.

Оқушыларға мадақтамалар, спорттық сыйлықтар және кубоктар табысталды.

 

 

Back to top