поддержка PHP 7

2019 жылдың 14-18 қаңтар аралығында Жоғары сауда – экономикалық колледжінде Астана қаласының  келесі жалпы білім беретін мектептерінің  (4,2,18, 15,16, 24, 38, 42, 48, 52, 53, 54, 67, 68, 70, 73,74, 75, 77,83,)  ұлдар командалары арасында  кәсіптік бағыт-бағдар беру мақсатында волейболдан жарыс өткізілді. Финалдық ойынға №4, 18, 16, 24, 52, 54, 68, 74 мектеп командалары   жолдама алды.

Жарыс қорытындысы бойынша:

  • ІІІ орынды - №24 және 16 орта  мектеп  командалары,
  • ІІ орынды - №52 мектеп - гимназиясының командасы,
  • І орынды -№54 мектеп- гимназиясының командасы жеңіп алды.

Оқушыларға мадақтамалар, спорттық сыйлықтар және кубоктар табысталды.

 

Back to top