поддержка PHP 7

Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Еліміздің әрбір азаматы үшін қастерлі мереке екендігін ұғына отырып, жас ұрпақты өз елінің патриоты болуға, елін, жерін, Отанын қастерлеуге тәрбиелеу бұл оқытушылар қауымының басты мақсаты болып табылады. Осыған орай 2018 жылдың 14 желтоқсанында Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінде  ұлттық, патриоттық рухты арттыратын  елеулі мереке Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған  «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты салтанатты кеш өткізілді.

Іс -шара барысында қалалық, республикалық  және халықаралық ғылыми- конференциялар мен жобалардан жүлделі орындарды иеленген студенттер мен оқытушылар алғыс хаттармен марапатталды, сонымен қатар, колледж  студенттерінің орындауындағы әсем ән-жырлар, жиналған қауымға көтерінкі көңіл күй, ұмытылмас кеш сыйлады. Мерекелік салтанатты  кеш өте көтеріңкі көңіл күйде өтті.

 

  

 

Back to top