поддержка PHP 7

2018 жылдың 29 қарашасында Жоғары сауда-экономикалық колледжінде  1-ші желтоқсан – Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш Президент күніне арналған, «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» атты әдеби-танымды кеш өтті.

1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің   жалпы халықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, ел Президенті болып сайланды.

Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіпті.  Бұл жаңа мереке  еліміздің Егеменді Мемлекет болып құрылуында Елбасымыздың сіңірген еңбегін айқындайды және ол халықтың үлкен мақтанышына айналғандығы айтылды.

Іс- шарада басырында тақырыптық слайттар, бейне фильм көрсетіліп, Н.Ә. Назарбаевтің нақыл сөздері және өлеңдер оқылды. 

  

Back to top