поддержка PHP 7

2018 жылдың 7 қарашасында Жоғары сауда-экономикалық колледжінде «Электрондық темекі, никотиндік тәуелділік» тақырыбында №3 қалалық емхананың дәрігері Киричук М.В. студенттер арасында кездесу өткізді.

Кездесудің мақасты: қазіргі және болашақ ұрпақты адамдардың денсаулықтарын құртатын, сондай-ақ әлеуметтік, экономикалық және экологиялық теріс салдарға алып келетін электрондық темекі, насыбайды қолданудан жастарды қорғау.

Кездесу барысанда дәрігер қараша айының үшінші аптасының бейсенбі күнідүниежүзілік темекіден бас тарту күні болып табылады. Бұл дата 1988 жылдан бері дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымымен аталып келеді. Себебі темекі құрамындағы никотин – ағзада қан тамырларын зақымдап, адамды өкпе және қатерлі ісік ауруларына шалдықтыратындығы туралы түсіндіріп, бейне материалдар көрсетілді.

Кездесу соңында студенттер өз сұрақтарына білікті мамандардан қанағаттанарлықтай жауап алды.

 

Back to top