поддержка PHP 7

           2021 жылдың 27 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тіліміздің теңдігі – ұлтымыздың елдігі" тілдер және мәдениеттер апталығының салтанатты ашылуы өтті.

Тілдік пәндер оқытушылары Суксулаева Т.П. мен Сахиева Қ.Н. БК-9-20-2, М-9-21-3 тобының студенттеріне "Жазушылар Аллеясы" атты әдеби кеш өткізді.

 

Іс-шара барысында домбырада күй орындалып, №1 қалалық кітапхананың өкілі сөз сөйледі, сондай-ақ студенттер қазақ даласының ұлы жазушыларының өлеңдерін үш тілде оқыды.

Тілдер апталығының негізгі мақсаты - оқушылардың тіл туралы білімдерін кеңейту, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, студенттердің сауаттылығын арттыруға ықпал ету, өз ана тілін мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Тілдер апталығының ашылуымен баршаңызды құттықтаймыз!!!

 

Back to top