поддержка PHP 7

2018 жылдың 13 наурызында Астана қ. Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжінің базасында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ы ұйымдастыруымен  «Қолданбалы бакалавриатты енгізу: мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында  Республикалық семинарын өткізілді.

Семинар жұмысына Финляндия, JAMK қолданбалы ғылымдар Университеті, ҚР Білім және ғылым Министрлігінің өкілдері, қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын енгізіп жатқан колледждер мен ЖОО-ры қатысты.

Мақсаты: қолданбалы дағдыларды меңгеру мен теориялық дайындықты ескеретін қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын енгізу сұрақтарын талқылау. 

2018 жылдың 7 наурызында  Қазтұтынуодағының Сауда – экономикалық колледжінде көктемнің алғашқы мерекесі  8-наурыз Халықаралық әйелдер күні аталып өтті. Осы айтулы мерекеге орай колледждің Жастар ісі комитетінің  ұйымдастырумен ұлағатты ұстаздарды  таңертең көтеріңкі көңіл күйде, гүл сыйлап қарсалудан басталды. Сабақ аяқталған соң колледж акт залында мерекелік концерт ұйымдастырылды.

2018 жылдың 23 ақпанында Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжінде «Туризм» мамандығының түлектеріне салтанатты диплом табыстау іс-шарасы өткізілді.

2018 жылдың 21 ақпанында Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжінде «Рухани жаңғыру – білім саласының жаңа көк жиегі Есеп-экономикалық пәндер циклдік комиссиясының» апталығы аясында Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында, «Экономика негіздері» пәні бойынша «Жас маман» олимпиадасы өтті.

      2018 жылдың 21 ақпанында Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжінде  №8 қалалық емханасының дәрігері Коктаева Ф.Б., әлеуметтік педагог Ә.Б.Мусралинов «Никотиндік тәуелділік, ішімдік және оның салдары» және «Энергетикалық сусындар, фастфуд пайдаланудың зияны» тақырыпта бірінші курс  студенттері арасында семинар-тренинг өткізді.

Back to top