поддержка PHP 7

2018 жылдың 25-ші қыркүйегінде Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономика колледж студенттері арасында  дәрігер Бекмухамбетова Н.М.  «Жастар денсаулығын сақтау» тақырыбында дәрістік кездесу өткізді.

Кездесу барысында дәрігер жасөспірімдер бойындағы физиологиялық даму, ондағы өзгерістер жайлы және  ұрпақ жаңғырту денсаулығы – Қазақстанның демографиялық қауіпсіздігінің негізі екендігі туралы кәсіби мағлұмат  берді. Студенттерге аталған тақырыпта  ақпараттық кеңес ретінде қолдануға болатын кітапшалар таратылды.

2018 жылдың 14 сәуірінде жалпы қалалық экологиялық  айлық барысында Қазтұтынуодағы Сауда-экономикалық колледжінің әкімшілігі, оқытушылар құрамы, қыметкерлері мен  студенттер қатары  сенбілікке шықты. Барлық топ студенттері арасында сенбілік уақытында қауіпсіздік ережелерін сақтауға  арналған нұсқаулықтармен таныстыру жұмыстары жүргізілді.

Сенбілікті өткізу – бұл қаламызды тазалап, көркейтуге бағытталған жақсы дәстүр. Өз қаламызды қолымызбен ретке келтіріп, оған сүйіспеншілік пен құрметімізді көрсету барлығының көңілінен шығатын іс.

2018 жылғы 11 сәуірде Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжінде Астана қ. «Байқоңыр» ауданының әкімдігі өкілінің  қатысуымен «ӨЗІНЕ-ӨЗІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ АЙМАҒЫНЫҢ» ашылуы өтті. Аталған аймақты ашу Мемлекет басшысының 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Жолдауындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» нұсқауларына сәйкес 2017 жылдың 12 желтоқсанындағы № 827 Үкімет жарғысымен бекітілген  «Сандық Қазақстан-2020» бағдарламасын іске асыру болып табылады.

2018  жылдың 28 наурызында Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру  өрт  қаупінің  алдын - алу мақсатында Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжінде  өртке қарсы оқу – жаттығуы өткізілді.

2018 жылғы 15 ақпанда  Астана қ. Қазтұтынуодағы Сауда-экономикалық  колледжінің базасында «1С Батыр»  компаниясының ұйымдастыруымен Астана қаласының жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік оқу орындарының студенттері арасында «1С: Бухгалтерия 8» Халықаралық конкурсының аймақтық туры өткізілді. Нәтижесінде,  колледжіміздің «Есеп және аудит» мамандығы бойынша ІІІ курс студенттері Сахатова Диана - ІІ орынды,  Шалтаева Мадина - ІІІ орынды иеленді.  Практикалық жетекшісі – Кусаинова Дина Гайдаровна.

Back to top