поддержка PHP 7

2018 жылдың 1 қарашасында Жоғары сауда-экономикалық колледжінің  І және ІІ курс студенттері арасында  жол  қозғалыс қауіпсіздігі апталығы акциясы аясында  УИП ОЮП МПС УП полиция капитаны Алипова Б. У., полиция капитаны  Омар ва А.О.  және  әкімшілік полицияның аға инспекторы,  полиция капитаны Нурмаганбетов Э.А.  «Абайла -жолаушы», «Жол апатының алдын алу» тақырыптарында  дәрістік кездесу өткізді.

2018 жылдың 12 қыркүйекте Қазтұтынуодағының сауда-экономикалық колледжінде, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Астана қаласындағы филиал өкілдері Каирбекова Айгүл Серікпайқызы және Құрманғалинов Мұрат Қайроллаұлымен кездесу өтті.

Бұл іс-шара зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары аясында өткізілді.

2018 жылдың 5 қазанында  Казтұтынуодағының жоғары сауда–экономикалық колледжінде киелі мамандық иелерін кәсіби мерекесімен құттықтауға арналған іс-шара өтті.

Іс-шара таңғы 08:00 – де колледждің жастар ісі комитетінің және белсенді студенттердің оқытушыларды салтанатты түрде  қарсалуынан басталды.

«Ұстаздықтың тағылымы терең өнер» - деп түсінген шәкірттер мерекеге мықтап дайындалды. Мерекелік іс-шарада әуелеген ән, жүректен шыққан жырмен қатар арнайы дайындаған құттықтаулар, ізгі тілектер салтанатты  кештің көркін келтіріп, ұстаздарға ұмытылмас кеш сыйлады.

2018 жылдың 28 қыркүйегінде  жалпы қалалық экологиялық  айлық барысында Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінің  оқытушылары, қыметкерлері мен  студенттер қатары  сенбілікке шықты. Студенттер арасында сенбілік уақытында қауіпсіздік ережелерін сақтауға  арналған нұсқаулықтармен таныстыру жұмыстары жүргізілді.

2018 жылдың 26 қыркүегінде  Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінде қалалық №8 емхана дәрігері Бимендина А.Д.,  психолог Бозжигитова К.М. және әлеуметтік қызметкер Мусралинов Э.Б. студенттер арасында   «Таза қолдар-денсаулық кепілі» тақырыбында семинар – тренинг   өткізді.

Кездесу барысында медициналық қызметкерлер қатысушаларға ішек ауруының алдын алу үшін қолдарын муқият жуу қажеттілігіне назар аударылды. Сондай-ақ, жеміс-жидек, көкөністерді қолдану алдында, оларды таза сумен жуу керектігіне мән берілді. Семинар барысында қолды жуу ережелері туралы брошюралар таратылды.

Back to top