поддержка PHP 7

2018 жылдың 14 қарашасында Жоғары сауда-экномикалық колледжінің жастар ісі жөніндегі комитеттің белсенділері Астана қаласы Байқоңыр аударының жергілікті полиция қызметі бөлімінің  ұйымдастыруымен өткен  «Өміріміз үшін жол қозғалыс ережесін үйренейік» атты қалалық акцияға қатысты.

2018 жылдың 9-шы қарашасында   Жоғары сауда-экономикалық колледжінде «Күз аруы-2018» байқауы өтті. Байқау келесі кезеңдер бойынша өткізілді. Олар: «Таныстыру», «Талантты өрге жүзер», «Сән әлемі» және «Күзгі вальс».  Әр кезең талаптарына сай қыздар өз өнерлерін көрсетті.

2018 жылдың 7 қарашасында Жоғары сауда-экономикалық колледжінде «Электрондық темекі, никотиндік тәуелділік» тақырыбында №3 қалалық емхананың дәрігері Киричук М.В. студенттер арасында кездесу өткізді.

Кездесудің мақасты: қазіргі және болашақ ұрпақты адамдардың денсаулықтарын құртатын, сондай-ақ әлеуметтік, экономикалық және экологиялық теріс салдарға алып келетін электрондық темекі, насыбайды қолданудан жастарды қорғау.

2018 жылдың 6 қарашасында Жоғары сауда-экономикалық колледж студенттері мен оқытушылары бірінші әлеуметтік кәсіпкерлер форумына қатысты. Бұл форумның ұйымдастырушысы Астана қаласының «НұрОтан» партия филиалы және "GreenTal" әлеуметтік шеберханасы.

2018 жылдың  02 қарашасында Жоғары сауда –экономикалық колледж «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты жолдауын студенттерге түсіндіруге арналған іс-шара өтті.

Back to top