поддержка PHP 7

Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжі 65 жылдық мерейтойын мерекелік концертпен атап өтті!

Колледж өзінің даңқты мерейтойын ізашарлардың бірнеше ұрпағына міндетті. Колледждің дамуына үлкен үлес қосқан ардагерлерге, барлық педагогикалық ұжымға алғыс сөздер мен ізгі  тілектерін білдіреміз!

2021 жылдың 30 қазан күні Қазтұтынуодағының Жоғары сауда- экономикалық колледжінің "Сауда Қырандары" дебат клубының мүшелері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы жанындағы «Ақиқат» пікірталас клубы ағымдағы колледж студенттерінің арасында Елбасы кітапханасының ауыспалы кубогіне қалалық дебаттық турниріне қатысты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, қазақ палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығын мерекелеу аясында 2021 жылдың 27 қазанында Қазтұтынуодағының Жоғары сауда-экономикалық колледжінде «Қажымұқан елінен – Қажымұқан еліне!» атты салтанатты концерт өтті.

Қазтұтынуодағының Жоғары сауда–экономикалық колледжінің 1 курс студенттері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасындағы мұражайында өткізілген экскурсиясына қатысты. Бұл – Қазақстанның жаңа тарихының мұражайы. Ол ҚР Президентінің 2004 жылдың 28 тамызындағы Жарлығымен құрылған.

15-20 қазан аралығында Елордамызда "АSTAUFEST - 2021" ІІ халықаралық гастрономиялық фестивалі аясында Қоғамдық тамақтану және сервис колледжінің "Құзыреттілік орталығы" базасында кондитер мен аспазшылар жарысы өтті. Жарыстан басқа колледж және мектеп оқытушыларына арналған тренинг ұйымдастырылды.

Back to top