поддержка PHP 7

«Есептеу  техникы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 4 курс, 41BT  тобының студенті Абдулабаев Ильдар,  World Skills Kazaкhstan-2018 Республикалық чемпионатында  «Бизнеске арналған ІТ шешім» құзыреттілігі бойынша 3-орынға ие болды.

Чемпионаттың жеңімпаздарын  салтанатты  марапаттау кеші «Назарбаев университетінде» өтті. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Сагинтаев Бахытжана Абдирович жеңімпаздарға дипломдар мен медальдар табыстады. 

Колледждің әлеуметтік  серіктесі «Центр Софт» ЖШС және тәлімгер  Искандер Абдысаттарович Нуридиновке алғыс білдіреміз!

Колледж жеңімпаз бен тәлімгерге  50 000 және 20 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификаттармен марапаттады.

Колледждің педагогикалық  ұжымы

2018 жылдың 30 қарашасында  Жоғары сауда-экономикалық колледжінде №3 қалалық емхананың дәрігері Королева А. Ф. Студенттер арасында «Қызылша (Корь) туралы не білу керек» тақырыбында кездесу өткізді.

Кездесу барысында аурыдың жұғу жолдары, алдын алу шаралары туралы түсіндерме жұмыстары жүргізілді.

2018 жылдың 29 қарашасында Жоғары сауда-экономикалық колледжінде  1-ші желтоқсан – Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш Президент күніне арналған, «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» атты әдеби-танымды кеш өтті.

1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің   жалпы халықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, ел Президенті болып сайланды.

2018 жылдың 28 қарашасында  Жоғары сауда-экономикалық колледж базасында Астана қаласының ТжКБ жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен колледж директорларының  ғылыми - әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларына және әдіскерлерге «Қызметкерлерді аттестациядан өткізу кезінде әдістемелік көмек көрсету» тақырыбында әдістемелік семинар өткізілді.

2018 жылдың 15 қарашасында Жоғары сауда-экономикалық колледж базасында «1С карьера күні» атты қалалық іс-шара өтті.

Аталған іс-шараға Астана қаласының жоғары оқу орындарының және колледждерінен 100 аса студент қатысты.  Іс-шара барысында  шеберлік сабақтар, көрсемдік сайыстар және « 1С: профессионал» сертификатын алуға мүмкіндік беретін тест тапсырылды.

Back to top