поддержка PHP 7

2019 жылдың 14-18 қаңтар аралығында Жоғары сауда – экономикалық колледжінде Астана қаласының  келесі жалпы білім беретін мектептерінің  (4,2,18, 15,16, 24, 38, 42, 48, 52, 53, 54, 67, 68, 70, 73,74, 75, 77,83,)  ұлдар командалары арасында  кәсіптік бағыт-бағдар беру мақсатында волейболдан жарыс өткізілді. Финалдық ойынға №4, 18, 16, 24, 52, 54, 68, 74 мектеп командалары   жолдама алды.

Жарыс қорытындысы бойынша:

  • ІІІ орынды - №24 және 16 орта  мектеп  командалары,
  • ІІ орынды - №52 мектеп - гимназиясының командасы,
  • І орынды -№54 мектеп- гимназиясының командасы жеңіп алды.

       2018 жылдың 27 желтоқсанында Жоғары сауда-экономикалық колледжінің оқытушылары мен қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық кеш ұйымдастырылды. 

Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Еліміздің әрбір азаматы үшін қастерлі мереке екендігін ұғына отырып, жас ұрпақты өз елінің патриоты болуға, елін, жерін, Отанын қастерлеуге тәрбиелеу бұл оқытушылар қауымының басты мақсаты болып табылады. Осыған орай 2018 жылдың 14 желтоқсанында Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінде  ұлттық, патриоттық рухты арттыратын  елеулі мереке Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған  «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты салтанатты кеш өткізілді.

«Британдық кеңес»  (British Council) және  «Chevron» компанияларының  ұйымдастырылуымен «Атамекен» ҰҚП қолдауымен  жүзеге асырылған халықаралық «І-SEED: Инновациялар – әлеуметтік кәсіпкерлік  білім беру»  әлеуметтік жобасының жеңімпазы атанған  «High5»  командасының І орын иегерлері - Қазтұтынуодағы жоғары сауда-экономикалық колледжінің студенттері:

Базарбай Аяжан

Байдалиева Айнұр

Байтурова Әдия

Жаманкұл Алтын

Ұлан Нұрболат

Уәлибек Мухамедқали

Құрманбаев Азамат

Сіздерді  шын жүректен құттықтаймыз!

Колледж ұжымы

2018 жылдың 8-9 желтоқсанында  Жоғары сауда-экономикалық колледжінің  ІІІ курс студенттері «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдасрыуымен өткен «Жас кәсіпкерлер мектебі» курсын аяқтады.

Мақсаты: жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін ашу, олардың кәсіпкерлікпен айналысудағы белсенділігін аттыру.

Жас кәсіпкерлер мектебі - «Бизнестік жол картасы-2020» бизнесті қолдау  мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында жүргізіліп, жастар арасында кәсіпкерлік қызметті  насихаттауға бағытталған жоба.

Back to top