поддержка PHP 7

2018 жылдың 7 қарашасында Жоғары сауда-экономикалық колледжінде «Электрондық темекі, никотиндік тәуелділік» тақырыбында №3 қалалық емхананың дәрігері Киричук М.В. студенттер арасында кездесу өткізді.

Кездесудің мақасты: қазіргі және болашақ ұрпақты адамдардың денсаулықтарын құртатын, сондай-ақ әлеуметтік, экономикалық және экологиялық теріс салдарға алып келетін электрондық темекі, насыбайды қолданудан жастарды қорғау.

2018 жылдың 6 қарашасында Жоғары сауда-экономикалық колледж студенттері мен оқытушылары бірінші әлеуметтік кәсіпкерлер форумына қатысты. Бұл форумның ұйымдастырушысы Астана қаласының «НұрОтан» партия филиалы және "GreenTal" әлеуметтік шеберханасы.

2018 жылдың  02 қарашасында Жоғары сауда –экономикалық колледж «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты жолдауын студенттерге түсіндіруге арналған іс-шара өтті.

2018 жылдың 1 қарашасында Жоғары сауда-экономикалық колледжінің  І және ІІ курс студенттері арасында  жол  қозғалыс қауіпсіздігі апталығы акциясы аясында  УИП ОЮП МПС УП полиция капитаны Алипова Б. У., полиция капитаны  Омар ва А.О.  және  әкімшілік полицияның аға инспекторы,  полиция капитаны Нурмаганбетов Э.А.  «Абайла -жолаушы», «Жол апатының алдын алу» тақырыптарында  дәрістік кездесу өткізді.

2018 жылдың 12 қыркүйекте Қазтұтынуодағының сауда-экономикалық колледжінде, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Астана қаласындағы филиал өкілдері Каирбекова Айгүл Серікпайқызы және Құрманғалинов Мұрат Қайроллаұлымен кездесу өтті.

Бұл іс-шара зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары аясында өткізілді.

Back to top