поддержка PHP 7

2019 жылдың 16-ші қыркүйегінде Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінің І және ІІ курс студенттері арасында «Терроризмге мен экстремизмнің қауіптілігі» тақырыбында нұсқамалық дәріс өткізілді.

Дәріс барысында терроризм мен экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдарын, елімізге келтіретін зардаптарын жан-жақты талдап, жастарды қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға шақырды. Студенттерге терроризммен, оның зардаптары туралы видеоролик көрсетіліп, ақпарат берілді.

6 қыркүйекте Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінде " Адалдылық сағат " тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сондай-ақ, жастардың бойында адалдық, парасаттылық, патриотизм құндылықтарын қалыптастыру мақсатында арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетілді. Сыбайлас жемқорлықтың теріс салдары және олардың алдын алу шаралары түсіндірілді.

5 қыркүйек күні Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінде колледж қызметкері үшін дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында ҚР Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі жолдауы талқыланды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жалпыреспубликалық бірыңғай "Адалдылық сағат "туралы ақпараты талқыланды.

2019 жылдың 2 қыркүйегінде Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінде Білім күніне арналған  салтанаты жиын өткізілді.

27-28.06.2019 ж. Қазтұтынуодағы жоғары сауда-экономикалық колледжінің түлектеріне диплом беру рәсімі өткізілді.

Колледж директоры Кужимов Мирзабек Турабекович, колледждің әлеуметтік серіктестері Консорциума «Беркат» қызметкерлерді оқыту жөніндегі менеджері - Васильева Галина Алексеевна . "Центрсофт" компаниясының техникалық директоры Приб Константин Андреевич. Түлектер алдында құттықтау сөз сөйледі.

Back to top