поддержка PHP 7

2019 жылдың қазан айының 19-20 жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласы ЖҚ «Жас Отан» ұйымының қолдауымен «Колледж пікірсайысшылар лигасы» ұйымының құрылуына орай Нұр – Сұлтан қаласы колледж студенттері арасында Политехникалық колледж ғимаратында «KPL CUP I» қалалық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирдің мақсаты: Жастар арасындағы бәсекеге қабілетті жаңа заман тұлғасы бейнесін қалыптастыру; жалпы адами құндылықтардың зияткерлік мүмкіндіктерін дамытуды қамтамасыз ету үшін кеңістік қалыптастыру;

2019 жылдың 22-ші қазанында Қазтұтынуодағы Жоғары сауда-экономикалық колледжінде педагог-психолог Смаилова Сауле Жумагазевна «Денсаулық және өмірлік дағдыларды қалыптастыру, сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің алдын алу» бағдарламасы аясында мұғалімдерге арналған семинар өткізді.

  2019 жылдың 22 - ші қазанынында Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінің акт залында студенттермен Нұр-Сұлтан қаласы Дін проблемаларын зерттеу орталығының ақпараттық –түсіндіру және оқыту, бейімдеу бөлімінің басшысы Серікбаева Гүлмира Иманалықызымен «Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет ресурстардың қауіптілігі» тақырыбында кездесу өтті.

10.10.2019 ж., Нұр-Сұлтан әкімдігінің МКҚК «Тамақтану және сервис колледжінде»   Халықаралық аспазшылар күніне орай, ASTAUfest -2019 халықаралық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Осы сайыста біздің колледжден «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының ОП 9- 17-3-тобының  3 курс студенті Надежда Горковенко «Шеф-аспаз -2019»  номинациясына қатысты. Байқауда Надежда 2 тағам дайындады: «Шри Раша» тауық еті, «Брокколи гратині бар тауық еті».

2019 жылдың 15-16 қазан күндері Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінің акт залында арман қуып, білім іздеп келген жастарды салтанатты студенттер қатарына қабылдау іс-шарасы өткізілді. Аталған кешке ұстаздар қауымы, әлеуметтік серіктестер және бірінші курс студенттері қатысты.

Back to top