поддержка PHP 7

2020 жылдың 4 қаңтар күні Қазтұтынуодағының жоғары сауда – экономикалық колледжінің студенттері мен оқытушылары колледж директоры Кужимов Мырзабек Төребекұлының шақыруымен «Астана опера» театрына барып қайтты. Жаңа жылдық шаралар аясында «Астана Опера» театрының сахнасында заманымыздың аты аңызға айналған П.Чайковкийдің «Щелкунчик» қойылымын тамашалады. Аталған спектакльде екі бөлімнен тұратын қойылым көрсетілді.

2019 жылдың 27 желтоқсанында Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінің оқытушылары мен қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық кеш ұйымдастырылды.

Кеште студенттер ертегі кейіркерлері Аяз ата, Ақшақар, Мики маус, Өрмекші адам және т.б. кейіпіне еніп мерекелік кештің сәнін келтірді. Кеш барысында кішкентай қонақтарымыз Аяз атаға ән айтып, тақпақ айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетіп, сыйлықтар алып көтеріңкі көңіл күйде ертегі әліміне саяхат жасады.

Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Еліміздің әрбір азаматы үшін қастерлі мереке екендігін ұғына отырып, жас ұрпақты өз елінің патриоты болуға, елін, жерін, Отанын қастерлеуге тәрбиелеу бұл оқытушылар қауымының басты мақсаты болып табылады. Осыған орай 2019 жылдың 13 желтоқсанында Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінде ұлттық, патриоттық рухты арттыратын елеулі мереке  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған «Тәуелсіздігім –еркіндігім, қасиетім, қастерлім» атты салтанатты кеш өткізілді.

2019 жылдың 10 желтоқсан күні Қазтұтынуодағының Жоғары сауда-экономикалық колледжінде «Тәуелсіздік – тұғырым» атты кітаптың авторы, журналист Төлен Тілеубай арнайы келіп, колледжіміздің Жастар ісі жөніндегі комитет мүшелерімен кездесті.

Журналист мамандығының қыр-сырын игерген Төлен Тілеубай осы жұмыстың қиындығы мен қызығы жайлы да баяндап, өзінің мол тәжірибесімен бөлісті. Мақала жазу үшін түрлі материалдарды жинау, сұхбат құру үшін қажетті деректерді дұрыс пайдалану туралы да кеңес берді. Кездесу барысында студенттер өздерінің көкейлерінде жүрген осы мамандыққа қатысты сұрақтарын қоя отырып, журналисттің жауабын қызығушылықпен тыңдады. Әңгімелесу барысында, Төлен Тілеубай Желтоқсан көтерілісі – тәуелсіздікке ұмтылған қазақ жастарының күресі жайлы сөз қозғады. Терезесі тең, байрағы желбіреген ұлттар санатына ілігу үшін талай ауыртпалық бастан өткенін де атап өтті.

       2019 жылдың 10 желтоқсан күні Қазтұтынуодағының Жоғары сауда-экономикалық колледжінде Қ-9-17-2 тобымен «ҚР Қылмыстық құқығы» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша «Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар» тақырыбында ашық сот отырысы өткізілді.

Back to top