поддержка PHP 7

03.02.2020 жылы Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінде өзін-өзі тану оқытушылары С. М. Құндызбекова, Е. М. Петько және С. Ж. Смаилова "Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы" атты декада онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті. "Өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының авторы С. А. Назарбаеваның презентациясы дайындалды. Сонымен қатар, декада барысында жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат жеткізілді. Онкүндік 3-13 ақпан аралығында өтеді.

2020 жылдың 1 ақпанында Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінің оқытушылары мен студенттері Нұр-Сұлтан қаласының "Байқоңыр" ауданы əкімінің бастамасын қолдап "Біз біргеміз" акция аясында өткізілген сенбілікке қатысты.

2020 жылдың 13-25 қаңтар аралығында Жоғары сауда – экономикалық колледжінде Астана қаласының келесі жалпы білім беретін мектептерінің (4,2,18, 15,14, 25, 38, ,34, 42, 44, 52, 54, 57, ,59, 63, 65, 68, 27, ,72, 73,74, 75, 48,) командалары арасында кәсіптік бағыт-бағдар беру мақсатында волейболдан жарыс өткізілді. Финалдық ойынға №4, 18, 52, 54,44 ,72 мектеп командалары   жолдама алды.

"2020 жыл - Еріктілер" жылына орай колледж студенттері қаладағы мүгедек және жалғыз басты әженің үйіне барып, ауласын қардан тазалап берді. Акцияға қатысқан студенттер ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, ерекше көңіл-күймен көмектесіп, әженің алғысын алып қайтты.  Бейнебаянды осы сілтеме арқылы көре аласыз: 

2020 жылдың 16 қаңтарында Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экномикалық колледжінің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының ОП-9-17-1 топ студенттері ІІІ дәрежелі «Кондитер» біліктігін табыстайтын демонстративті емтихан тапсырды.

Back to top