поддержка PHP 7

Қазтұтынуодағы жоғары сауда-экономикалық колледжінің волейболдан қыздар құрама командасы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шығыс» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен «Біз Қазақстанның болашағымыз!» атты Спартакиадасы шеңберінде қыздар арасында волейболдан қалалық жарысқа қатысты. Жарыс 2020 жылдың 12-17 ақпан аралығында өткізілді. Қаланың 24 колледждер арасынан іріктеуден сәтті өткен - біздің құрама, жартылай финалға шығып, жүлделі үшінші орынға ие болды. "Маркетинг" мамандығының 3 курс студенті Кемелова Ажар команданың «Үздік ойыншысы» атанды.

Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Нұр-Сұлтан қаласының Маслихат Депутаттары, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілігі, Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласының КММ «Білім беруді жаңғырту орталығы», «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлері Палатасы, Нұр-Сұлтан қаласының «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлері Палатасы, ҚЕАҚ «Кәсіпқор Холдингі», Нұр-Сұлтан қаласының КММ «Жұмыспен қамту» орталығының өкілдері, колледждің әлеуметтік серіктестері: Консорциум «Беркат», ЖШС «КенМарт», ЖШС «МЕТРО Cash & Carry», «Центрсофт» Компаниясы, ЖШС «1С-Батыр», “Radisson Hotel, Astana”, “Park Inn by Radisson Hotel, Astana” отельдері, Нұр-Сұлтан қаласының Гастрономия лидерлерінің бас-аспаздар клубының басшыларының қатысуымен өткізілді.

2020 жылдың 5 ақпанында Жоғары сауда-экономикалық колледжінде 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығынан «Web-бағдарламалау және әзірлеу», «Желілік және жүйелік әкімшілік ету», «Бизнеске арналған IT шешім», «Графикалық дизайн» құзіреттіліктері бойынша колледжішілік «WorldSkills 2020» байқауы өткізілді.

5 Ақпан күні Жоғары Сауда экономикалық колледжінің студенттері өзін өзі тану пәні бойынша "Ретро" көрмені көріп кетті. Қаланың Тарихи бөлімінде орналасқан Усадьбе-үйінің Ақмола Саудагері Василий Кубриновтің  көрмесі. Өзін-өзі тану  пәнінің мұғалімі студенттерге Ақмола сарайының қалай жасалуы туралы айтып студенттердің қызуғышылығын туғызды.

05.02.2020 жылы Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінде студенттер Өзін-өзі тану онкүндігінің аясында «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық жәрмеңкесің өткізді. Олар өздері дайындаған түрлі тағамдар мен сусындарды, арзан бағада ұсынды. Жәрмеңкенің мақсаты – колледж ұжымы мен студенттерінің санасына мейірімділік, сүйіспеншілік, қайырымдылық сияқты ізгі ұғымдарды қалыптастыру. Сонымен қатар Түркия елінде ем алып жатқан кішкентай Болат Олжасқа көмектесу. Аз ғана уақыттың ішінде барлық тауар сатылып үлгерді. Қайырымдылық жәрмеңкесіне келгендердің барлығына алғыс білдіргіміз келеді! Қатысқандарыңыз үшін және көмек көрсеткендеріңіз үшін рахмет! Біз бірігіп үлкен және игі іс жасадық!

Back to top