поддержка PHP 7

Қазтұтынуодағының Жоғары сауда-экономикалық колледжінде кері байланысты ұйымдастыру мақсатында «Сенім жәшігі» және «Сенім телефоны» жұмыс жасай бастады.

Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының ІІІ курс студенті Жуварова Жанель «The Ritz Carlton Astana» отелінің 2020 жылғы ақпан айының үздік қызметкері атынды. Колледж ұжымы Жанельді құттықтайды және қызметтік табыс тілейді!!!

2020 жылғы 6 ақпанда Нұр-Сұлтан қ. Қазтұтынуодағы жоғары сауда-экономикалық колледжінің базасында «1С Батыр» компаниясының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан, Көкшетау қаласының жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік оқу орындарының студенттері арасында «1С: Бухгалтерия 8» Халықаралық конкурсының аймақтық туры өткізілді. Нәтижесінде, колледжіміздің «Есеп және аудит» мамандығы бойынша 3 курс студенті Зейнолдаева Акерке- І орынды иеленді.

2020 жылдың 24 ақпанында Сеул технология және білім беру институтына оқуға Нұрмахан Бақытнұрды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.

Нұрмахан Бақытнұр, Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінің "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша 2 курс студенті, 2020 жылдың ақпан айынан желтоқсан айына дейін "Web-бағдарламалау" құзыреттілігі бойынша Сеул технология және білім беру институтында (Кунпхо қаласы, Кенгидо, Оңтүстік Корея) тегін оқуға мүмкіндік алды.

2020 жылдың 24-ші ақпанында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің дін мәселелерін зерттеу орталығының лекторы, Л. Гумелеватындағы ЕҰУ-нің Дінтану кафедрасының меңгерушісі Тышхан Кеншілікпен   Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжінің І және ІІ курс студенттерімен «Діндегі теріс ағымдар» тақырыбында TED-форматта кездесу өткізді.

Back to top