поддержка PHP 7

          2020 жылдың 13-17 сәуір аралығында Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледждің жалпы білім беретін пәндер циклдік комиссиясы «Бейбітшілік, ізгілік және табиғат пен адам арасындағы үйлесімділік» атты шығармашылық апталығын ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты: белсенді, зияткерлік және шығармашылық жастарды анықтау, сондай-ақ қашықтықтан оқыту кезінде бос уақытты ұйымдастыру.

Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжі 9, 10 және 11 сынып оқушылары мен колледж студенттерін 2020 жылдың 13-17 сәуір аралығында "Табиғат пен адам арасындағы бейбітшілік, жақсылық пен келісім аптасын" өткізу аясында ұйымдастырылған іс-шараларға қатысуға шақырады.

Құрметті ата-аналар мен студенттер!

Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжі Қашықтықтан оқытуға көшуіне байланысты, колледж онлайн режимінде дүйсенбі мен жұма (қоса алғанда) аралығында ұзақтығы 30 минутқа дейін сабақтар өткізетінін, сабақ кестесі колледждің сайтында "Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқыту" бөлімінде бар екенін сіздердің назарларыңызға жеткізеді.

Құрметті студенттер!

5 наурыз 2020 жылы Қазтұтынуодағының Жоғары сауда-экономикалық колледжінде Өзін-өзі басқару күні өткізіледі.

Іс-шара қарсаңында студенттер мұғалімдерді алмастырады.

20 - 22 ақпан аралығында Қазтұтынуодағының жоғары сауда - экономикалық колледжінде «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» КЕМ институционалдық аккредиттеу бойынша сараптамалық комиссиясының сыртқы сараптамасы жүргізілді.

2020 жылдың 28 ақпанында аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің Аккредиттеу Кеңесінің отырысында (28.02.2020 жылғы №49 хаттама) Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжін 5 жыл мерзімге институционалдық аккредиттеу туралы шешім қабылданды.

Back to top