поддержка PHP 7

 

2021 жылдың 23 желтоқсанында Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжі кәсіподақ комитеті ұжымды келе жатқан жаңа 2022 жылмен құттықтады. Қызметкерлер мен олардың балаларына кәсіподақ комитетінің атынан тәттілер сыйға тартылды.

2021-2022 оқу жылының қысқы емтихан сессиясы кезінде Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінде Жастар ісі жөніндегі комитет және "Саналы ұрпақ" клубы кең ауқымды сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Таза сессия" акциясын ұйымдастырды.

Акцияның негізгі мақсаты - құқықтық сананы және студенттердің белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзу көріністеріне төзбеушілік. "Таза сессия" бастамашыларының басты мақсаты – Оқушы жастарға сыбайлас жемқорлық деген не және оның салдары қандай болуы мүмкін екенін түсіндіру.

2021 жылдың 22 және 23 желтоқсанда Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжінде Нұр-Сұлтан қаласының оқушылары арасында киберспорт бойынша қызықты турнир өтті. Жартылай финал кезінде №71 мен №15 мектеп-лицейінің командалары жетекші орынға ие болды. Барлық қатысушылар үйлесімді командалық ойын мен тиімді стратегияны көрсетті. Ұзақ ойындардан кейін турнирдегі орындар келесідей бөлінді:

Бүгін Қазтұтынуодағының Жоғары сауда-экономикалық колледжінде Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай өткізілген апталық қорытындысы мерекелік концертке ұласты.

Мерекелік концертте еңбекте алдан көрінген оқытушылар Қазтұтынуодағы атынан құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен марапатталды. Және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқан, қалалық, республикалық байқаулардың жеңімпаз студенттері де салтанатты түрде марапат қағазы мен алғыс хаттарын алды.

2021 жылдың 14 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасында дуалды оқыту технологиясы бойынша білім беру қызметін жүзеге асыруға белсенді қатысатын оқу орындарының өкілдері мен қаланың жұмыс берушілерін марапаттау рәсімі өтті.

Back to top