поддержка PHP 7

"Маркетинг" мамандығы бойынша жобалар.

Әлеуметтік саясатта мемлекеттің басым бағыттарының бірі - адами капиталға инвестицияны дамыту болып табылады. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі, яғни Қазтұтынуодағының Саудаэкономикалық колледжі «Жалпыға бірдей тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасын іске асыруды жоспарлауда. Жоба бастауы 2015 жылы 30 қарашада Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСІМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» жолдауында жарияланды.

«Маркетинг» мамандығы бойынша 2017 жылдан «Жалпыға бірдей тегін кәсіптік білім беру» аясында  2017-2021 жылдарға арналған «Өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 2017-2018 оқу жылына мемлекеттік тапсырыс бөлінді.

Аталған бағдарламада студенттерге тегін тамақтану, стипендия, жол ақысы және жатақханасекілді әлеуметтік көмектер қарастырылған.

Практикалық құзыреттілікті меңгеру үшін колледжде «Студент» оқу-практикалық зертханасыашылған. Онда студенттер бизнес-жоспар құру, тауарды жеткізушілермен жұмыс жасау, мерчензайдинг принциптерін қолдану, негізгі құжаттармен жұмыс жасау, баға стратегияларын әзірлеу, бақылау-кассалық аппаратпен жұмыс жасау дағдыларына, сатып алушылармен іскерлік қарым-қатынас жасауға, «1С: Сауда» бағдарламасында жұмыс істеуге дағдыланады.

 

"Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы бойынша жобалар.

       2017 жылы Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжі Астана қаласы "Атамекен" Ұлттық Кәсіптік Палатасымен  бірігіп, ҚР "Білім туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, қайтарымсыз қаржылық көмек көрсеткен демеушілер бірлесіп, "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы біліктілігі «Қызмет көрсетуші менеджер» мен «Аспазшы», «Кондитер», «Бармен» жұмысшы мамандықтары бойынша әлемдік стандартқа сай оқу- өндірістік зертханасын ашты.

Қайтарымсыз қаржылық көмек көрсеткен демеушілер:

  • Искаков Сапар Искакович - «Тілеп» қайырымдылық қорының Президенті.
  • Акимов Рашит Каиржанович - Ақмола облысынан Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты.
  • Сауэр Иван Адамович - «Родина», «Агрофирма» ЖШС Бас директоры, Қазақстан еңбек ері.
  • Хамхоев Салман Султанович - «Беркат» Консорциумы басқарма төрағасының орынбасары.
  • Буранбаев Ербол Токсанбекович – «Mon Amie» порфюмерлі-косметикалық дүкендер желісінің басшысы.
  • Кужимов Мирзабек Турабекович - Қазтұтынуодағы Сауда-экономикалық колледжінің директоры.

 

        "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша жобалар.

2013 жылы Астана қаласы Қазтұтынуодағының Сауда – экономикалық колледжі Дүниежүзілік банкі ұйымдастырған «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту» жобасына қатысып, «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (ЕТжәнеБҚЕ)» мамандығы бойынша 380 000 АҚШ долларын ұтып алды. Жоба негізінде біздің оқытушылар мен жұмыс берушілер (яғни әлеуметтік серіктестер) бірігіп, қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың бірі «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша Институалдық даму жоспары (ИДЖ) әзірленді. Жеңіп алынған қаражат колледжімізге жаңа құрал-жабдықтар, интер белсенді оқытуға арналған бағдарламамен қамтамасыз ету, педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру және оқу – әдістемелік материалдары мен электронды оқыту құралдарын алуға мүмкіндік берді.

Астана қаласы Білім басқарамасы және Иснституционалды даму жоспарының бұйрығы негізінде  2015 жылдан бастап, колледж 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша құзыреттілікке негізделген модульдік оқыту бағдарламасы негізінде білім береді.

Back to top