поддержка PHP 7

the world bank2013 жылдың қараша айында Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжі Дүниежүзілік банктің «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасы бойынша өткізілген байқауға қатысып, 380 мың долларлық (56 931 075 тенге) грантты жеңіп алды. Аталмыш жоба ҚР Білім және ғылым министрлігімен ұсынылған, Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкiнің (Дүниежүзілік банк) қаржыландырылған «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасы арқылы жүзеге асырылады. Бұл байқауға еліміздің 137-ге жуық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қатысты, грантты 41 колледж жеңіп алды. Соның ішінде астаналық Қазтұтынуодағының Сауда – экономикалық колледжі білікті маман даярлаудағы Институционалдық даму жоспары озық деп танылып грантты жеңіп алды.

2013 жылдың 25 қарашасында ҚР Білім және ғылым министрлігімен ТжҚБЖ Департаментінің директоры К.К.Буребековпен Қазтұтынуодағының Сауда – экономикалық колледжінің директоры М.Т. Кужимов арасында №126 келісімге қол қойылды.

Осы байқаудын ең негізгі шарты модульдік бағдарлама әзірлеу болды. Ол үшін «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығына Институционалдық даму жоспары әзірленді. Институционалдық даму жоспары (бұдан әрі - ИДЖ) жұмыс берушімен бірге әзірленген және іске асырылады, оқу үдерісін жаңғыртуға бағытталған оқу орнының стратегиялық даму жоспары. ИДЖ 12-24 айлар аралығында жүзеге асады.

Стратегиялық мақсат – енбек нарығында өзекті талаптармен әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктеріне сәйкес кәсіби ІТ – мамандарды дайындауда жетекші колледж болу.

Даму мақсаттары:

1.       Әлеуметтік серіктестіктің дамуы;

2.       Халықаралық ынтымақтастықтың дамуы;

3.       Кадр потенциалының дамуы;

4.       Колледждің имиджінің жақсартуы;

5.       Оқу үдерісің жаңғыртуы;

6.       Материалдық-техникалық базаның жақсартуы.

Ақша қаражатын, ҚР БҒМ мен Дүниежүзілік банк талаптарына сай колледж ұжымы оқу үдерісіне қажетті құрылғыларды сатып алуға, бағдарламалық қамтамасыз етуге, педагогикалық қызметкерлердің білімін жетілдіруге, оқу-әдістемелік материалдарды игеруге жұмсалуға тиіс. Қомақты қаржыны колледж ғимаратын жаңартуға, жекелеген нысандар салуға, оқытушылардың жалақысын көтеруге, көлік сатып алуға шығындауға болмайды. Оның жұмсалу барысын Дүниежүзілік банктің өзі қатаң қадағалайтын болады. Егер келесі жылдың желтоқсан айына дейін қаржы игерілмесе, онда шарт бойынша қаржы кері қайтарылатын болады.

Келісімне қол қойылғаннан кейін, «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасын басқару тобы тауар сатып алу және қызмет көрсету бойынша жасалынған сатып алу Жоспарын мақұлдады. Колледж есеп шотына бірінші транш 23 566 458 тенге соммасы түсті

Келісім мен Сатып алу жоспары аясында тауар сатып алу, оқу тәжірибені жүргізуге арналған оқу-дизайнерлік орталық пен компьютерлік техниканы жөндеу шеберханасын ашу жұмыстары жүргізілуде. ИЖД бойынша Microsoft және 1С: Предприятие фирмаларының бағдарламалары бойынша студенттерді оқытуға Сертификациалық оқыту орталықтарын ашу жоспарланған.

Шетел орталықтарында 13 936 500 теңге грант сомасы, қазіргі талаптарға сай деңгейде оқу үдерісін сүйеулер үшін ИЖД да инженерлік-педагогикалық кадрлардың біліктіліктің және тағылымдаманың жетілдіру көзделген: Франция Севр қ., Ресей Томск қ., Ресей Москва қ., Беларусия республикасы Минск қ.. Біліктілікті көтермелеу келесі кесте бойынша жүзеге асырылады.

Институционалдық даму жоспарын жүзеге асыру аясында колледже келесі иновацияларды енгізу жоспарланған::

•        Оқытудағы инновациялар: бір бірін оқыту жағдайына байланысты оқу сабақтарына ұжымдық әдістемелерін, жоба әдістерін,   желілік әрекеттестіктің нобайын құру, жеке оқыту траекторияларын, көмекші белгілер, компьютерлік курстарды ашу, бату әдісі, бағдарламалап оқыту, мәселілі оқыту, зерттеу қызметтің ұйымдастыру.

•        Басқарудағы инновация: колледж тәжірибесіндегі маркетинг зерттеулері, колледж басқарауын автоматтандыру жүйесін құру, жүйлек әрекеттестіктерді және колледж әрекеттестіктер құрылымын құру

•        Кадрларды дайындау және қайта даярлаудағы инновация: аралық оқыту, жүйелік құлылымдарды құру, жана бағдарламалық қамсыздандыру бойынша интеграцияланған пәнаралық курстарды құру, Microsoft және 1С бағдарламалау серификатталған курстарда оқыту.

Күтілетін нәтиже:

1.       Ен үздік қазақстандық және халықаралық тәжірибенің негізінде біліктілікті жоғарлату тиімді моделін әзірлеу.

2.       Колледжд бен жұмыс берушілер арасындағы арақатынастарын нығайту.

3.       Білім қызметінің сапасын қамсыздандыруы.

4.       Оқу үдерісіне дуалды оқыту жүйесінің элементтерін енгізу.

5.       Модульдық оқыту бағдарламасын әзірлеп енгізу.

6.       Студенттердің тәжірибелік ұсталық пен дағдысын бекіту деңгейі мен оқыту тиімділігін көтеруі.

7.       Қала мен облыста колледждің іскер беделін көтермелеуі.

8.       Талапкердің санының аумақтауы.

Back to top