поддержка PHP 7

Колледж 1956 жылы Ақмола облыстық тұтынушылар одағының Кооперативтік техникумы болып құрылған болатын. 2018 жылы Жоғары сауда-экономикалық колледжі болып өзгертілді.  Колледжде «Маркетинг», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Аударма ісі», «Есеп және аудит», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Құқықтану», «Туризм», «Бағалау», мамандықтары бойынша оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүреді.

Колледж миссиясы – экономика, сервис, құқық және ақпараттық технология салалары бойынша еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті мамандар даярлауға бағытталған білім беру қызметін  іске асыру.

 Колледж миссиясын жүзеге асыру үшін қажетті материалдық-техникалық базасымен, кәсіби педагогикалық ұжыммен, сенімді әлеуметтік серіктестермен, қаланың ең үздік тәжірибелік оқыту базасымен қамтамасыз етілген.  Колледжде 9 компьютер сыныбы, ақпараттық-білім орталығы, 24 интерактивті тақта, оқырман залы, спорт залы, спорттық алаңдар бар.  Колледждің 400 орынды жатақханасы бар. Жатақханада медициналық пункт жұмыс істейді. Оқу корпусында тамақтану орындары бар.

1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша «Қазақстанның ТжКБ жүйесіндегі әлеуметтік серіктестігі» халықаралық Еуроодақ жобасында колледж оқытушылары халықаралық сарапшылармен және әлеуметтік серіктестермен   модульдік оқыту бағдарламасын құрастырды. Модульдік оқыту – бұл нақты кәсіптік құзыреттіліктің құрылымдық компоненттеріне бағытталған икемді аяқталған блоктардан тұратын оқыту жүйесі.

2013 жылы Қазтұтынуодағының Сауда-экономикалық колледжі Халықаралық қайта құру және даму банкі (Дүниежүзілік банк) қаржыландырған «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» жобасы бойынша өткізілген байқауға қатысып, 380 мың долларлық (56 931 075 тенге) грантты жеңіп алды. Жоба негізінде біздің оқытушылар мен жұмыс берушілер (яғни әлеуметтік серіктестер) бірігіп, қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың бірі «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша Институционалдық даму жоспары (ИДЖ) әзірленді.

2015 оқу жылынан бастап, колледж Астана қаласының Білім басқармасының тапсырысы бойынша 2015 жылдың 28 иамызындағы №467 бұйрығы негізінде  модульдік оқу бағдарламаларын іске асырушы  эксперименттік алаң болып табылады.

Халықаралық қайта құру және даму банкінен (Дүниежүзілік банк) ұтып алынған қаражат, ҚР БҒМ мен Дүниежүзілік банк талаптарына сай колледж ұжымы оқу үдерісіне қажетті құрылғыларды сатып алуға,  бағдарламалық қамтамасыз етуге, педагогикалық қызметкерлердің білімін жетілдіруге, оқу-әдістемелік материалдарды игеруге жұмсалды.

Жеңіп алынған қаражат колледжімізге жаңа құрал-жабдықтар, интербелсенді оқытуға арналған бағдарламамен қамтамасыз ету, педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру және оқу-әдістемелік материалдары мен электронды оқыту құралдарын алуға мүмкіндік берді.Сонымен қатар  компьютерлік техниканы жөндеуге арналған  шеберхана  және компьютерлік графика орталықтары және келесі оқу кабинеттері   «Бағдарламамен қамтамасыздандыруды жүйелеу технологиясы», «Обьективті-бағытталған бағдарламалау», «Лингофонды кабинет»  және «WEB-бағдарламалау» кабинеттері ашылды.  Осы  жобаны іске асыру барысында колледждің материалдық-техникалық базасы 70 % жаңартылды.

Колледж 60 жыл ішінде 21 мыңнан астам мамандар дайындап шығарды. Біздің түлектер шағын және орта бизнесте, коммерциялық мекемелерде, банктерде, сауда үйлерінде, министрліктерде, оқу орындарында сәтті жұмыс істейді. Колледж ұжымы инновациялық білім мен ақпараттық технологияларды енгізу арқылы білім сапасын жетілдірумен жұмыс істейді.

Back to top