Психологиялық қызмет бөлімі Қазтұтынуодағы Сауда-экономикалық колледжінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, Колледж директорының бұйрығымен қызметке тағайындалған және қызметтен босатылу колледж директоры арқылы басқарылады.
Өз қызметінде психологиялық қызмет келесі нормативтік-құқықтық құжаттарға негізделген:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы;
- «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Білім беру ұйымдарына психолог лауазымын енгізу туралы» ;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің нұсқаулық хаты;
- Бала құқықтары туралы конвенция;
- Неке және отбасы туралы заң ;
- колледж жоспары;
- колледж жарғысы;
- психологиялық қызметтің ұйымдық және әдістемелік негіздері;
- психологиялық қызметтің этикалық нормасының жұмысы.
Негізгі міндеттері:
- Студенттер мен педагогтар ұжымына уақытында көрсетілетін психологиялық көмек көрсету;
- табиғи қабілеті бар және шығармашылық потенциалы бар тұлғаларды анықтау, дамыту;
- қиын әлеуметтік жағдайға тап болған және психофизиологиялық дамуында ерекшеліктері бар студенттерге әлеуметтік және психологиялық қолдау ұйымдастыру;
- білім берудегі туындайтын мәселелерді шешу барысында педагогикалық процесстің барлық қатысушыларына әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету;
- студенттер, педагогтар және ата-аналардың ынтымақтастығы үшін қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау;
- бейімделу кезеңінде студенттер мен педагогтарға әлеуметтік және психологиялық қолдау көрсету;
- салауатты өмір салтын насихаттау, бей әлеуметтік мінез-құлқын алдын алу.
Ибрагимова Айзат Шынтемірқызы
Колледж психологы
Телефон: + 7(717)250-18-30