Қазтұтынуодағының жоғары сауда-экономикалық колледжі «Маркетинг», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Аударма ісі», «Есеп және аудит», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Құқықтану» мамандықтары бойынша оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізеді.
Колледж миссиясы – экономика, сервис, құқық және ақпараттық технология салалары бойынша еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті мамандар даярлауға бағытталған білім беру қызметін іске асыру.
Колледж миссиясын жүзеге асыру үшін қажетті материалдық-техникалық базасымен, кәсіби педагогикалық ұжыммен, сенімді әлеуметтік серіктестермен, қаланың ең үздік тәжірибелік оқыту базасымен қамтамасыз етілген. Колледжде 9 компьютер сыныбы, ақпараттық-білім орталығы, 24 интерактивті тақта, оқырман залы, спорт залы, спорттық алаңдар бар. Колледждің 400 орынды жатақханасы бар. Жатақханада медициналық пункт жұмыс істейді. Оқу корпусында тамақтану орындары бар.
МАМАНДЫҚТАР